Дариға Назарбаева сайлауға қатыса ма?

3880
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/d60f3f70-6799-4f67-8203-c775935584b9.jpeg
Мәжіліс сайлауына «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бекітілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Тізім партияның facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Кандидаттардың жалпы тізімінде Парламент Мәжілісінің қызметтегі депутаттары 20%-тен аспайды, мемлекеттік басқару саласының өкілдері - 13%, білім және денсаулық сақтау саласы – 12%, үкіметтік емес ұйымдар – 9% және өнеркәсіп – 8% болды. Сондай-ақ, экономистер – 28%, заңгерлер – 20%, кәсіпкерлер – 17%. Ал 21 үміткердің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 10-ы – ғылым докторы, 11-і – ғылым кандидаты. Тізімнің үштен бірі – әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы бұрынғы партиялық тізімдермен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жас болды. Партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы, ал 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталды. Олардың ішінде: Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин, Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, саясаттанушы Айдос Сарым бар.

«Адырна» ұлттық порталы

评论