Бүгін бірінші президент күнінде әлеуметтік желіде қызықты пікірталасқа көзіміз түсті. «Назарбаевтың эрасы өткеннен кейін Қазақ елі өркениетті ел болып кетеді дегенге қаншалықты аргументіңіз бар?» деп сауал тастапты саясаттанушы Бекболат ҚАРЖАН. Осы сұраққа байланысты жазылған пікірлер тіпті қызық екен.
Ширек ғасырдан астам Қазақстанды басқарған Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік саясаттан да, өз елінің тарихынан да ойып тұрып орнын алып қойған тұлға. Қазақ қоғамы мойындаса да, мойындағысы келмесе де бұл шындық. Бұл Назарбаевқа берілген жалпылама баға. Ал халқының есінде Назарбаев қандай тұлға ретінде қалатыны уақыттың еншінде, әрине. Десек те, күн сайын демесек те, қоғамда өте жиі қойылатын сұрақ «Назарбаев биліктен түбегейлі кетсе, не болады?». Бекболат Қаржанның сауалына пікір білдіргендердің басым бөлігі «Соңғы отыз жылда қиратылған дүниені қайта қалпына келтіру үшін кемінде тағы отыз жыл уақыт керек» дейді. Ал Beglan Sharınbai: «Халықты көтерудің қажеті жоқ,көтерілмейді. Кім басқарса да бәрібір халыққа.Тек ұлтшыл топ қана іштен іріте алады.Сосын тура Назарбаев сияқты тырп еткізбей 10-20 жыл билеу керек. Бірақ әділетті, таза түрде. Ал содан кейін ғана барып демократиядан аз-аздап ұсыну керек. Назарбаев кеткен соң үлкен бомба тастап кетеді. Оны зарарсыздандыру үшін біраз жыл керек», деп жазады.
Дархан Бердыгулов: «Назарбаевқа төрт түрлі оқиғамен баға беруге болады:
- 1986ж. Алматы қаласында болған Желтоқсан оқиға кезінде Назарбаев қандай қызметте болды?!
- Назарбаевтың басқаруындағы Қазақстан Кеңес Одағының құрамынан нешінші болып шықты?!
- Жаңаөзен оқиғасы!
- Назарбаевтың балалары, туыстары орасан зор байлыққа қалай қол жеткізді?!
Рауана ДИМАШҚЫЗЫ,
«Адырна» ұлттық порталы.
Фото ашық дереккөзден алынды.