Сәбиін дәретханаға тастаған азаматша табылды

3095
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/12/ce1155f3-a6b4-4ed6-913c-b34d93858495.jpeg

Қызылорда облысында жер үйдің дәретханасына сәбиін тастаған азаматша ұсталды, – деп хабарлайды «Адырна» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«2020 жылдың 1 желтоқсаны күні Қызылорда қаласында жер үйлердің бірінің ауласындағы дәретхана  ішінен жаңа туған нәресте мәйітінің табылу дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары басталды. Күдікті азаматша анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды»,-делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料