Белгілі әнші Тоқтар Серіков Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.
«Сүйінші! Бүгін Тоқтар ұлдарыңызға Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді»,-деді ол.Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, ақжарма тілектерін жазуда. Айта кетейік, бұған дейін әнші мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығын иемденген еді.
«Адырна» ұлттық порталы