Қазақстандықтар Жаңа жылда 12 елге ұша алады

2489
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/12/c3fd8d4b-25bf-422e-9d3c-6a46572dc7ef.jpeg
Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі 30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Жаңа жылдық мерекелерге арналған рейстер кестесін ұсынды, деп хабарлайды  «Адырна» тілшісі Liter.kz-ке сілтеме жасап. Халықаралық рейстер 19 бағыт бойынша 12 елге ұшады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ-ның ресми Telegram каналында жазылды. Барлығы 54 рейс жасалады: Біріккен Араб Әмірліктеріне - 16; Түркияға - 10; Өзбекстанға – 6; Беларусь пен Германияға – 4; Мальдивке – 3; Оңтүстік Кореяға, Нидерландқа, Мысырға, Ресей мен Қырғызстанға – 2; Украинаға – 1 рейстен. Департамент авиакомпаниялар мен әуежайлардың сайттарында рейстің ұшу уақыты мен күнін нақтылауға болатынын айтты.

«Адырна» ұлттық порталы

评论