Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

2833
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/01ad84a0-439e-4ba4-8cf1-fc58114e07c7.jpeg
22 желтоқсан Архивші күні болып бекітілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын: «48. Архивші күні – 22 желтоқсан». Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі»,-делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料