Кешелі бері әлеуметтік желіде бұған дейін болмаған үлкен резонанс туды. Халықты бұлай дүр сілкінткен «Отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау» туралы жаңа заң болды. Осыған қатысты бірқатар азаматтың салмақты пікірін назарларыңызға ұсынамыз. Сіз де өз пікіріңізді редакциямызға жолдауды ұмытпаңыз.
Есенбек Санатұлы: Қазақтың менталитетіне мүлде жат, тіпті Ресей мен Беларусь қабылдамай қойған тұрмыстық зорлық зомбылық (зомби қылатын) туралы заң жобасын былтыр бірінші оқылымда қабылдап қойған депутаттар көбісі осы жолы қайта келді, беттері сазарып. Айтыңыздаршы, ұялмай қалай қабылдадыңыздар? Бақытбек Смағұл, Бекболат Тілеухан, Азат Перуашев тағы кім еді патриот боп жүретіндерден. Айтпақшы, Омархан Өксікбаев сіз де сол кезде мәжілісте болдыңыз ғой. Сонда 107 партия қалаулысынан бірде бірі заң жобасымен жете таныспай қол көтере салған ба?
Serik Abikenuly: Депутаттар Конституцияны оқымаған ба? - деймін. Оқыса:
- Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
- Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.