Қауіпті «НОД» ұйымы еркін жұмыс жүргізуде (видео)

22759
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/98028b089179c8fbf119cbc4c5d07085-1.jpg
Ютубте  «Тіл майданы» арнасында өскемендік Қуат есімді азамат ел тәуелсіздігін мойындамайтын НОД ұйымының ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Қуаттың айтуынша, НОД ұйымы Өскемен қаласында ашылған.  Ұйым өкілдері қала ішінде арнайы парақшалар таратып, өз қатарына тартуды бастапты. Әлгі парақшада «ҚазССР», «СССР» деген сөздерді қолдана отырып, «мен өз еркіммен 1991 жылы КСРО азаматтығынан шыққан жоқпын. ҚР азаматтығын өз еркіммен алған жоқпын» делінген. Бұл туралы бейнеүндеу жолдаған Қуат НОД-тың бұл әрекетін сепаратистік әрекет деп құзырлы органдарға үндеу жариялады. https://www.youtube.com/watch?v=8ZlHg2jVIXM&feature=emb_title Фото ашық дереккөзден алынды.
评论
其他材料