Навальный 3,5 жылға сотталды - жақтастары наразылық акциясын жариялады

4283
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/581145_nesanktsionirovanniy_miting_v_podderzhku_alekseya_navalynogo_moskva_miting_shestvie_miting_navalynogo_moskva_zaderzhanie_250x0_1920.1280.0.0.jpg
Ресейдің оппозициялық саясаткері Александр Навальный 3,5 жылға сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Сот барысына Еуропаның 20 шақты мемлекетінің білікті дипломаттары қатысты. Сотталушының 350-ге жуық жақтастары ұсталды. Навальныйдың штаб-пәтері мен ФБК өкілдері Мәскеудегі Манежная алаңында наразылық акциясын жариялады. Мәскеудің орталығындағы Манежная алаңында полиция наразылық тудырған адамдарды ұстап әкетті. Сейсенбі, 2 ақпан күні әлеуметтік желілерде рұқсат етілмеген наразылық акциясының кесірінен елорда орталығында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Сондай-ақ, полицияның өтініші бойынша, Охотный Ряд, Площадь Революции, Театральная және Александровский Сад метро станциялары уақытша жабылды, ал пойыздар тоқтаусыз жүреді.

"Адырна" ұлттық порталы 

评论
其他材料