«OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесінің мүлкі тәркіленді

2523
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/900a466f-23c2-4200-8773-3245556c80c1-960x500.jpeg?token=fff6967b1d43ee6fe2e1f3495bdddd6f
Алматыда «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесінің мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл туралы қала прокуратурасы мәлімдеді.
«Алмалы аудандық соты 2021 жылғы 16 ақпанда Алматы қаласы прокурорының халықаралық іздестіруге жариялаған букмекерлік қызмет түрімен заңсыз ойын бизнесі, ақша қаражатын шығару және бюджетке салық төлеуден жалтару жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған «OLIMPKZ» Букмекерлік кеңсесі» ЖШС басшыларына қатысты үкім шығарылғанға дейін мүлікті тәркілеу туралы өтініш хатын қанағаттандырды»,-делінген хабарламада.
Сот актісімен 3,6 миллиард теңге, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік мемлекет кірісіне айналдырылды. Сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары бұл мүлікті қылмыстық жолмен алғаны дәлелденді.

«Адырна» ұлттық порталы

评论