«BELKA. STRELKA», «SÚNDET TOI» монеталары сатылымға шығады

2172
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/e8857c12-ea20-46e8-ab99-fe53fd44fe20.jpeg
Қазақстан Ұлттық Банкі «Космос» сериясынан – «BELKA. STRELKA», «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» сериясынан – «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталарының сатылымға шығатын күнін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«BELKA. STRELKA» монеталары – 1 наурызда, «SÚNDET TOI» – 9 наурызда сатылымға шығады. Олар әлеуметтік қашықтықты және белгіленген эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары арқылы сатылады. Сонымен қатар «MEDEÝ» коллекциялық монеталарын сату форматы өзгергенін хабарлаймыз. Олар интернет-дүкенде, сондай-ақ Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында сатылады»,-делінген хабарламада.
«MEDEÝ» монеталарының сатылымға шығатын күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша хабарланады.

«Адырна» ұлттық порталы

评论