Оқушыларды қаққан жол-көлік оқиғасын Тоқаев өз бақылауына алды

3367
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/699a80bb-6563-4dec-a0e4-d0726d19066d.jpeg
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында мас жүргізушінің оқушыларды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Бұл туралы баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады. – Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр. Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі, – деп жазды Берік Уәли.
评论
其他材料