Зейнетақы қоры: өтінімдер неге қабылданбайды?

2601
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/1ef682a8-d357-4b6e-8039-2d4215976cd2.jpeg
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар өтінімінің қабылданбау себептерін түсіндірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Оның себептері:
  • Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген;
  • Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген;
  • Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсеткен;
  • Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген;
  • "БЖЗҚ" АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен;
  • Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.
2021 жылдың 05 наурызына жағдайы бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 199 401 өтініш келіп түскен.
评论
其他材料