Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Құжат 20 наурызда күшіне енеді.
"Алматы қаласында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы, тәулігіне 300-ден астам жағдай тіркелуі, қызыл аймаққа енуге байланысты коронавирус инфекциясының таралуын оқшаулау мақсатында қаулы қабылданып отыр", - делінген құжатта.Қаулыға сәйкес, білім беру орталықтарының жұмысы, мәдени нысандардағы репетиция, цирк, театр, кинотеатр, концерт залдарының жұмысына тыйым салынды. "Медеу" мұз айдынында жаппай сырғанауға рұқсат жоқ. Қоғамдық көлік жұмыс кестесі өзгереді:
- жұмыс күндері - штаттық режимде;
- демалыс, мереке күндері - 6.00 - 10.00; кешке - 17.00 - 22.00.