Елімізде 14 жасқа дейінгі балалар туристік аймақтарға тегін ұшуы мүмкін. Заң жобасы қазіргі таңда Парламент Сенатының қарауында, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Үкімет осылайша еліміздің ішкі туризмін дамытпақ ниетте.
Бағдарлама 2 мен 14 жас аралығындағы балаларды қамтиды.
Туристік пакетке 10 бағыт анықталған:
Алакөл көлі; Алматы өңірінің таулы кластері; Бурабай-Щучинск курортты аймағы; Баянауыл курортты аймағы; Имантау- Шалқар курортты аймағы; Балқаш көлі; Түркістан; Маңғыстаудың шомылу демалыс аймағы; Нұр-Сұлтана қаласында MICE-туримзді дамыту; Байқоңыр ғарыш айлағы.Айта кетейік, тегін билет алған турист барған жерінде кемінде 5 күн, 4 түн тұруы қажет.
«Адырна» ұлттық порталы