Елбасы «Абай арена» атауын өзгерту туралы ұсынысқа жауап берді

6199
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/ff94472d-3ced-4aea-b312-7abcbd2768de.jpeg
Нұрсұлтан Назарбаев «Абай арена» атауын өзгерту туралы ұсынысқа жауап берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісінде жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің "Абай арена" стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай "құрмет-қошеметке" қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс", - деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料