Елордада карантин қатаңдайды

2753
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/8a3eaa37-7576-41df-adc2-507864f8bbbe.jpeg
Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қалада карантин және шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігі. Қол қойылған құжатқа сәйкес сауда-ойын сауық ортаолықтары, сауда үйлері және т.б. жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін қысқартылады. Сонымен қатар, бұл нысандардың демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынды. Бұдан басқа, қашықтан оқытуға 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда барлық студенттер, сондай-ақ қала оқушылары көшеді. Қоғамдық тамақтану объектілеріне демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады, оған жеткізу жұмысы мен алып кету тапсырыстары кірмейді. Жаңа қаулы 30 наурызда күшіне енеді.  
评论