6 млн маска, 400 мың респиратор: Қазақстан Үндістанға көмек жібереді

5011
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/118313303_gettyimages-1316048431.jpg
Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.  "Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке аталған елге 6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, 50 мың обаға қарсы арнайы киім және елімізде өндірілген 105 жасанды жолмен дем беру аппараттарын гуманитарлық көмек ретінде жіберуді тапсырды",- делінген ресми сайтта. Айта кетейік, Үндістанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 414188 адам тіркелген. Әлемнің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек келіп жатса да, қауіпті індетке төтеп беру қиын боп тұр.
评论
其他材料