Әнұран орындалған кезде әскерилер қолын қайда қою керектігін білмеді (видео)

5768
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/izobrazhenie_2021-05-10_170045.png
Желіде Өзбекстандағы іс-шарада орын алған оқиғаның видеосы пайда болды. Онда әскерилер мемлекет әнұранын орындау кезінде қолын қайда қою керектігін білмеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
«9 мамырда еске алу және құрмет күніне арналған іс-шарада Сырдария ауданының әкімі Гофуржон Мирзаев және басқа да шенеуніктер Өзбекстан әнұранына қалай құрмет көрсету керектігін шеше алмады»,  деп жазды Новости Узбекистан Телеграм каналы.
https://youtu.be/PHpgw_N2G2I Телеарнаның авторлары түсіндіргендей, Өзбекстанның Мемлекеттік Гимнін көпшілік алдында орындау кезінде жиналғандар гимнді тұрып тыңдайды және оң қолын кеудесінің сол жағына қояды, ал әскери немесе басқа азаматтық адамдар, форма киген қызметкерлер қолдарын бас киімге қояды.

"Адырна" ұлттық порталы

 
评论
其他材料