Қоғам үшін “ақша үнемдеу” деген тіркес өзіңнің қажеттіліктеріңнен бас тарту деген түсінікпен бірдей. Алайда бұл қате ұғым. Үнемдеу - барлық шығындарды жоспарлау мен жұмсалған әрбір тиынды есептеп отыру. Бірақ қылдай қымбатшылық заманда, тапқырлықтың нәтижесінде аз жалақымен де жақсы өмір сүруге болады. “Адырна” ұлттық порталы оқырманға ақшаны үнемдеу мен оны жинаудың жолдарымен бөліседі.
Ақша үнемдеу қабілеті - бұл адамның өзі қалыптастыратын немесе бала кезінен отбасында үйрететін дағды. Сонымен қатар, бұл қабілетке мінез бен темперамент те әсер етеді. Ақшаны үнемдеу үшін:
- Әр айдағы кірісіңіз бен шығысыңызды бақылауда ұстауды әдетке айналдырыңыз;
- Қолыңызға еңбекақыңыз түске соң сатып алу керек заттардың тізімін жасаңыз;
- Жеңілдіктер кезінде сауда жасаңыз;
- Қымбат заттарды сатып алатын кезде өзіңізге жиі тоқтау салыңыз;
- Бөліп төлеу картасын пайдаланыңыз;
- Үнемдеу процесіне жүйелі түрде келіңіз, бірден бар қажеттіліктен бас тартуға болмайды;
- Қарызға ақша алмаңыз;
- Сатып алу поцесі кезінде ақшаны банк карталарымен және мобильді қосымшалармен төлеңіз.
- - Онлайн кредит;
- - Онлайн бөліп төлеуге зат алу;
- - Кез келген төлем жасау;
- - Ақша аудару;
- - Әуе және ТЖ билеттерін онлайн алу;
- - Автосақтандыру рәсімдеу;
- - Банк картасына үйге дейін жеткізу қызметімен тапсырыс беру;
- - Ақша айырбастау.
- Ішкі аударымдар, яғни Халық банктің картасынан екінші Халық банктің картасына тегін аударым жасай алады. Ол үшін комиссия жоқ. Телефон нөмірі бойынша немесе карта нөмірі бойынша аударуға да болады. Кімге қалай ыңғайлы өз еркінде.
- Ал өзге банкке ақша аударса ше? Халық банктің картасынан өзге банк картасына аударса бар болғаны 150 теңге. Он мың аударсаңыз да, жүз мың аударсаңыз да 150 теңге. Мысалы, өзге банктердің тарифы қандай? Егер үлкен сома аударса, онда сәйкесінше, комиссия құны оларда артады. Халық банкте мұндай жоқ. Нақты тұрақты тариф. Оның үстіне қазіргі уақытта бұл еліміздегі барлық банктердің арасындағы ең аз комиссия болып саналады. Яғни Халық банк арқылы өзге банкке ақша аударса ақшасын үнемдейді. Үнемделген ақшаны өзге мақсатқа жұмсауға болады.
- “HALYK BANK” қосымшасы арқылы немесе банктің картасы арқылы кез келген жерде төлем жасаса белгілі бір мөлшерде бонус береді. Егер банктің серіктестері желісінде сауда жасаса, онда 25%-ға дейін бонус алу мүмкіндігі бар. Бонустарды жинақтап, серіктестер дүкенінде есеп айырысуға және айыппұл, салық, байланыс үшін ақы, коммуналдық төлем сынды басқа да төлемдер жасауға болады.