ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

4998
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/b6e48442-04f4-4567-9faa-78ef2536fbb5.jpeg
«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қаулыға сәйкес, КВИ-ға қарсы вакцинация туралы қағаз нұсқадағы анықтама 2021 жылдың 1 маусымынан бастап беріледі. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып, вирусқа қарсы вакцинация жүргізу ұйымдастырылатын болады. Ал шет елде екпе салдырған отандастарымыз туралы мәліметтер растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап «Вакцинация» модуліне енгізіледі.
"Шетелде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған Қазақстан азаматтарының коронавирусқа қарсы вакцинациялануы туралы мәліметтер Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі ХТТ "Вакцинация" модуліне растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін болады", - делінген қаулыда.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料