Фариза Шолтай - Азия чемпионы

3113
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/07f853a8-5740-45d7-bfc3-a334a01935f8.jpeg
Дубайда (БАӘ) бокстан әйелдер арасында Азия чемпионаты аяқталды. Бұл сында Қазақстан құрамасы 8 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды. Қазақстан құрамасы осылайша құрлықтағы рекордтық жетістікке қол жеткізді. Қазақ елінің бұрымды боксшылары 10 салмақта сайыс көрігін қыздырды. 81 келіде бақ сынаған Шымкент қаласының спортшысы Фариза Шолтай Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Жерлесіміз финалда өзбекстандық Сохиба Рузметовадан басым түсті. Фариза Шолтай – Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубының шәкірті. Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

评论
其他材料