Қатты желден ондаған ғимараттың шатыры ұшып кеткен (видео)

2399
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/149d607e-852d-430a-8626-577abce52fe2.jpeg
Шымкентте қатты жел соғып, салдарынан бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жазды. Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, өңірде 6 маусым күні сағат 18.25-18.36 арасында 15-28м/с жел соққан.
«Байтұрсынов көшесі 90А 5 қабатты үйдің 40 шаршы метр болатын шатыры ұшып, Қонаев даңғылы 1 үйдің ауласына құлаған. "Тoyota Corolla " маркалы автокөлікке зақым келтірді. Сондай-ақ, Солтүстік шағын ауданы 52 үйдің шатыры қатты соққан жел салдарынан құлаған»,– деп жазды баспасөз қызметі.
Оқиға орнына Төтенше жағдай қызметінің 2 техникасы мен 8 қызметкері жіберілген.
Айта кетейік, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда жағдай тұрақты.

«Адырна» ұлттық порталы

评论