Коронавирусқа қарсы вакцинаның 60 миллион дозасы жойылмақ

2099
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/8dc70a7e-91b0-4224-887b-e7da857d70d5.jpeg
АҚШ-та Балтимор зауытындағы қателікке байланысты коронавирусқа қарсы вакцинаның 60 миллион дозасы жойылады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Елдің Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) Johnson & Johnson вакцинасының қолдануға жарамсыз екенін мәлімдеді. Ұйымның бұйрығымен Emergent BioSolutions компаниясы оны шығаруды тоқтатты. Өйткені препараттың компоненттері AstraZeneca вакцинасымен кездейсоқ араласып кеткен. Айта кетейік, қазіргі таңда FDA Балтиморда шығарылған AstraZeneca-ның миллиондаған дозасын тексеріп жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

评论