Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл көтерілді

3295
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/33ebd86d-05a1-45f4-a1bb-a49ac40e9625.jpeg
Білім және ғылым министрлігі педагогтердің сапалық құрамын арттыру бойынша шаралар қабылдады. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл 50-ден 75 балға дейін көтерілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2020 жылдан бастап педагогика мамандығының түлектері педагог-модератор біліктілігін ала алады. Ол үшін Ұлттық біліктілік тестілеуден өтіп, өз дағдыларын көрсету керек. Сонымен қатар біліктілік санаттарын растайтын педагогтер жалақының 30%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша ақы алатын болады. 2021 жылдан бастап дипломға қосымша педагогикалық мамандық түлектерінің міндетті түрде біліктілік алуы енгізіледі. Олар кәсіби шеберлік бойынша сертификаттаудан өтуі керек. Сондай-ақ алғаш рет мектепке дейінгі білім беру педагогтерін аттестаттау енгізілді, білім беру ұйымдарының директорлары мен балабақша меңгерушілерін тағайындау тәртібі өзгерді.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料