Шымкентте 500-ге жуық оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

4088
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/61581c23-fcbe-44ab-a5d2-8b1641296c89.jpeg
Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» аясында мектеп бітірушілердің салтанатты жиыны өтті. Биыл қала бойынша 11-сыныпты 9 973 түлек, 9-сыныпты 16 877 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 11-сынып бітірушілерінің 491-і «Алтын белгі» иегері атанса, 437 түлек «Үздік аттестат» иеленді. Салтанатты жиында мектеп директорлары мен ұстаздары түлектерді қуанышты күндерімен құттықтап, алдағы өмірлеріне сәт- сапар тіледі. Іс-шара санитарлық талапқа сай, мектеп аумағында өткізілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

评论
其他材料