Өзбекстан: жағдайы төмен әйелдерге «сұлулық салонына» айналдырылған контейнер берілмек

2458
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/alty-4.jpg
Өзбекстан контейнерлердегі жылжымалы сұлулық салондарын шығаруды игерді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, күні бұрын осындай 50 контейнер елдің шалғай ауылдарына жіберілген. Салондар қажетті құрал-жабдықтармен және жиһаздармен жабдықталған. Олардың әрқайсысы «Әйелдер дәптеріне» енгізілген және арнайы кәсіптік дайындықтан өткен жеті әйелді жұмысқа қабылдай алады. Жобаны Өзбекстан кәсіподақтар федерациясы жүзеге асыруда. «Әйелдер дәптері» дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, психологиялық қолдауға, білімге және кәсіби дайындыққа мұқтаж және қызығушылық білдіретін жұмыссыз әйелдерді анықтау, шешу және проблемаларын қадағалауға арналған мәліметтер базасы.

"Адырна" ұлттық порталы

评论