«Баласын құтқармақ болған»: Оралда әкесі мен қызы суға батып кетті

8942
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/c184beef-a61c-436e-bd44-f79e71cca7d4.jpeg
Кеше Батыс Қазақстан облысында екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. БҚО ТЖД баспасөз қызметі оқиғаның сағат 17.10-да Жайық өзенінде болғанын мәлімдеді. Урдинская көшесі маңында ТЖД ЖҚБ іздестіру тобы 48 жастағы ер адамның мәйітін тауып алып, судан алып шыққан. Ол сағат 15.43-те 10 жасар қызын құтқару үшін суға кеткен. Ал жасөспірім қыздың денесін куәгерлер шығарып алған. БҚО ТЖ департаменті рұқсат етілген және жағажайларда ғана суға шомылуға болатынын тұрғындар есіне салады. Рұқсат етілмеген, сондай-ақ, ескертулері бар белгілерден асып жүзуге, күн көзіне қатты қыздырынып, суға секіруге болмайды. Мас күйде де шомылуға болмайды.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料