Жалғас Жұмағұлов жеңіске жетті

3273
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/zhzh.jpg
Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (13-5) Лас-Вегас қаласында өткен UFC 264 турнирінде жеңіске жетті деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Vesti.kz-ке" сілтеме жасап.
Отандасымыз америкалық Джером Риверамен (10-5) кездесіп, бірінші раундта қарсыласын қылқындырып тастады. Осылайша Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші жеңісіне қол жеткізді.
Бұл  — қазақстандық спортшының аралас жекпе-жектегі 14-ші жеңісі. Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы үшінші кездесуін өткізді. Бұған дейін ол осы ұйымдағы бірінші кездесуде бразилиялық Раулиан Пайвадан, кейін швециялық Амир Альбазиден жеңіліп қалған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы.

评论