Шымкентте қала күніне орай 52 маңызды мәдени іс-шара өтеді

3355
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/dc09fcea-e6d5-4c26-b2fd-41d78cb15d62.jpeg
Бүгін Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Есенова Ханзада бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы брифинг берді. Жиында басқарма басшысы 19 маусым – Қала күніне орай өткізілетін іс-шаралардың дайындық барысы жөнінде баяндады. Мерекелік іс-шаралар 15-20 маусым күндері аралығында өтеді. Білім, мәдениет, спорт, денсаулық салалары бойынша 5 локацияда 52 іс-шара және театрлық сахнада 2 – премьера, 22 - қойылым өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ , шаһарға Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты елдегі жетекші театрлары мен филармония ұжымдары шаһарға гастрольдік іс-сапармен келеді деп күтілуде. Қала күніне орай Абай кітапханасы, Орталық балалар кітапханасы және «Шым қала» тарихи-мәдени кешені барысында 3 музей ашылады. Айта кетейік 18, 19, 20 маусым күндері қатарынан үш күнде тұрғындар мен қонақтар Шымкент қаласындағы барлық театрда қойылымдарды тегін тамашалай алады. Бір апта өтетін іс-шаралар санитарлық талаптарды сақтай отырып, Ashyq қосымшасын іске қосу арқылы өтеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

评论