Еуразиялық Одақ: Қазақ футболы ұтты ма?

3960
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/bez-imenijvjv.png
2020 жылы Еуразиялық Одақ аясындағы мемлекеттер командалық спорт түрлерінде еркін ойнауға заңды түрде мүмкіндік алып, "легионер" саналмайтын болды. Бұл Қазақстан футболына қалай әсер етті? ⠀ Еуразиялық Одақта легионер ұғымын алып тастағанға дейінгі сәт
2019 жыл Легионер саны
Сербия 17
Украина 10
Хорватия 9
Беларусь 7
Ресей 5
Армения 3
Қырғызстан 0
   2019 жылы ел чемпионатында ұшып кете жаздаған (9-орын) Қарағандының "Шахтер" клубы сапында бірде бір Еуразиялық Одақ аясындағы ойыншылар тіркелмеген еді. Легионер саналмаған жыл
2020 жыл Легионер саны
Ресей 24
Сербия 16
Беларусь 12
Армения 6
Қырғызстан 1
2020 жылы аталмыш клуб Еуразиялық Одақтағы 7 футболшымен келісім-шарт жасасты. Алаң сапында легионер саналмағандықтан, "Шахтер" отандық футболшыларға сенім артпай, өзге елдің футболшыларымен маусымды сенсациялық 4-орынмен аяқтады. Нәтижесінде биыл олар Конференция лигасында доп тебеді.
2021 жыл Легионер саны
Ресей 22
Сербия 16
Украина 10
Беларусь 8
Армения 6
Қырғызстан 2
  2021 жылы шетелдік футболшыларымен маусымды сәтті өткізіп жатқан (6-орын) клубтың бірі - "Қызылжар". Егер соңғы ойындардың статистикасына көз жүгіртсеңіз, "Қызылжар" тек 2 ғана отандық футболшының көмегіне жүгінген. Али Суюмагомбетов (Қазақ футболының ардагері): Еуразиялық одақтан келетін футболшылар Қазақстан чемпионатының сапасын көтерді деп айта алмаймын. Көп жағдайда өз елінде мансабын жалғастыра алмаған футболшылар Қазақстанға келіп, доп тебуде. Барлығы демеймін. Бірақ 60-70% футболшыларға жоғары жалақы төлегенше, еліміздегі жас футболшыларға мүмкіндік бергенін жөн деп санаймын. Transfermarkt.ru сайтына жүгінсек, ресейлік футболшылар ең көп доп тебетін чемпионаттың қатарына Қазақстан кіреді.
  1. Германия - 173
  2. Эстония - 85
  3. Беларусь - 57
  4. Армения - 26
  5. Қазақстан - 24
Қазақ футболшыларына енді жол ашылады деген мамандардың сөзі шындыққа қатты жанаспады. Футболшыларымыз шетел тұрмақ, көрші Ресей чемпионатында жарытып доп тебе алмады... ⠀ 2018-2019 жыл: Ресей чемпионаты. ⠀ 2 футболшы⠀ Бақтияр Зайнутдинов (Ростов) - 10 ойын. ⠀ Еркебұлан Сейдахмет (Уфа) - 1 ойын. ⠀ 2019-2020 жыл. ⠀ 3 футболшы. ⠀ Бақтияр Зайнутдинов (Ростов) - 17 ойын. ⠀ Исламбек Қуат (Оренбург) - 3 ойын. ⠀ Акмал Бахтияров (Сочи) - 2 ойын. ⠀ 2020-2021 жыл. 6 ойыншы⠀ Бақтияр Зайнутдинов (ЦСКА) - 22 ойын. ⠀ Марат Быстров (Ахмат) - 22 ойын. ⠀ Исламбек Қуат (Химки) - 6 ойын. ⠀ Алексей Щеткин (Ротор) - 5 ойын.⠀ Дмитрий Шомко (Ротор) - 4 ойын⠀ Акмал Бахтияров (Сочи) - 1 ойын. 7 минут қана ойнаған.⠀ Дәл қазіргі сәт:⠀ - Акмал Бахтияров Армения чемпионатында "Ноа" клубы сапында 11 ойын өткізіп, Ресейдің дивизионындағы (ФНЛ) "Долгопрудный" клубына ауысты.⠀ - Дмитрий Шомко - "Ротор" клубы Ресейдің жоғары лигасынан ұшқаннан соң, "Ақтөбе" сапына ауысты.⠀ - Исламбек Қуат "Химки" сапында көп тұрақтамай, ел чемпионатындағы "Астана" клубымен келісім-шарт жасасты. Еуразиялық Одақ аясындағы футболдағы өзгеріс қазақ футболына оң өзгеріс берді ме әлде артқа кетіруде ме? Шешім өзіңізде!

Қанат БАЙҰЗАҚОВ,

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料