Тәжікстан президентінің қарындасы коронавирустан қайтыс болды

6085
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/0fa5c513-73b1-4861-b450-e2491e8865df.jpeg
Кеше Тәжікстан президентінің 64 жастағы қарындасы Курбонби Рахмонова өмірден озды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Рахмонова коронавирус инфекциясын жұқтырып, Душанбедегі № 5 клиникалық ауруханада емделген. Ол ертең елдің оңтүстігіндегі Дангара аймағында жерленеді. Айта кетейік, 5 шілдеде Тәжікстан президентінің жұбайы Өзбекби Асадуллоева коронавирус белгілері бар аурудан қайтыс болған еді.

«Адырна» ұлттық порталы

评论