Ескерту жасалды: Елімізде аптап ыстық бола ма?

4369
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/ea6421ca-9bf3-4d44-97c6-1a2eb5e41465.jpg
Еліміздің бірқатар өңірінде алдағы күндері қатты ыстық болады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 24 шілдеде Нұр-Сұлтанда 35 градус қатты ыстық күтіледі. Ақмола облысында 35-37 градус, облыстың батысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Сонымен қатар төтенше өрт қаупі сақталады. 24-25 шілдеде Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіліп, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. 24-26 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде 44 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. 25 шілдеде Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. 25 шілдеде Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. 25-27 шілдеде күндіз Маңғыстау облысында 44 градус қатты ыстық күтіледі.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料