Қазақстан «Демократия индексі» бойынша 128-орында

3551
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/cc345657-d851-4b8a-8327-c4410ba07f94.jpeg
Қазақстан демократия деңгейі бойынша әлем елдері рейтингінде 167 елдің арасында 128-ші орынға ие болды. ҚР индексі небәрі 3,14-ке жетті. Осылайша ол авторитарлық басқару режимі бар мемлекеттер санатына енді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. Индекс мемлекет ішіндегі демократия деңгейін өлшейді. Отанымыз тізімде Зимбабве (127-орын) мен Конго (129-орын) арасында тұр. Айта кетейік, рейтингті Ұлыбританиялық The Economist журналының The Economist Intelligence Unit талдау бөлімі жасады. Ғалымдар Демократия индексін 2006 жылдан бері жариялап келеді.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料