Гештальт-терапиясы мен практикасындағы ең танымал әдістердің бірі "бос орындық" әдісі. Ол кеңінен танымал және тәжірибешілер арасында өте танылған жаттығу. Ол қалай жұмыс істейді?
Бұл қуатты экспериментте сіз бос орындықтың алдында орындықта отырасыз. Сіз бұл жерде сіз үшін маңызды немесе сіздің өміріңізге қиындық туғызған бір жанды көз алдыңызға елестетесіз. Ол сіздің алдыңызда отыр деп ойлайсыз. Бұл өткен оқиғалармен, сіздің қазіргі өміріңізбен немесе болашақ жағдайыңызбен, сіз кездестіргіңіз келетін адамдармен байланысты болуы мүмкін (мысалы, болашақ жарыңыз немесе болашақ ұл немесе қыз). Я болмаса өткен өміріңізде жаныңызға жара салған, өкпе, реніш қалдырған жан да болуы мүмкін.
Объект тек адам емес кез келген нәрсе болуы мүмкін. Мысалы:

- сіздің жеке басыңыздың бір аспекті (мысалы, өзіңізге ұнамайтын нәрсе),
- физикалық көрініс (мысалы, тұрақты бас ауруы) немесе сыртқы көрініс (мүмкін, тым шығыңқы құлақтар),
- сіздің үйіңіз, жұмысыңыз, жағымсыз оқиға,
- мінез -құлық стереотипі (мотивацияланбаған агрессия, бақылауды қалау)
- сіздің мақсатыңыз немесе тілегіңіз, мысалы, бай және әдемі болу.
"Адырна" ұлттық порталы