Ақтөбеде көпқабатты ғимарат опырылып, 2 адам ауруханаға түсті

5004
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/95f8ac43-6b01-4fc0-8a19-f0f4728591e6.jpeg
Кеше Ақтөбедегі "Даму" кәсіпкерлерді дамыту қорының екі қабатты ғимараты опырылып түсті. Бұл туралы облыстың ТЖД қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
“Ғимараттың шатыры мен екінші қабатының құлағаны туралы ақпарат 1 қыркүйек күні 19:25-те келіп түсті. Төтенше жағдай орнына ТЖД-ның 15 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды. Олар ғимаратта болған 5 адамды құтқарды. 2 адам ауруханаға жатқызылды”,—делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料