Ақтөбе облысында Ұлттық санақты өткізуге 1200 адам жұмылдырылады

2808
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/241055356_4668441866554148_4132130250283349935_n.jpg
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өңірде Ұлттық халық санағын өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Биыл Ұлттық халық санағы 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн форматта мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында өткізіледі.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаровтың мәліметінше, 6 қыркүйектегі жағдай бойынша облыстың 12 мыңға жуық тұрғыны онлайн режимде санақтан өткен.
Сондай-ақ 1 қазан мен 30 қазан аралығында онлайн-режимінде санақтан өтпеген азаматтар арасында санитарлық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі жаппай аралау жүргізіледі. Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ санақ қызметкерлерін толық жинақтау және вакцинациялау мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды. Қазіргі уақытта аймақта нұсқаушы-бақылаушылар мен интервьюерлерді қабылдау жалғасуда. Ұлттық санақты өткізу бойынша жұмысқа барлығы 1200-ден астам адам жұмылдырылады.  

"Адырна" ұлттық порталы. 

评论
其他材料