Бір тәулікте ковидтан 105 адам қайтыс болды

2430
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/f45d6888-a360-42f8-8899-fe15dffc9f8b.jpeg

Кейінгі тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 105 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.

9 қыркүйекте ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 84 адам коронавирустан, ал ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 21 адам пневмониядан қайтыс болған.

11 қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде жалпы 79 884 адам коронавирус инфекциясынан (71 716 КВИ+ және 8 168 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 16 528 пациент стационарда,
  • 63 356 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  1 316 адамның жағдайы ауыр,
  •  346 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  193 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Ал 2021 жылғы 11 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда вакцинаның I компонентін  7 044 876 адам, II компонентін 5 871 229 адам салдырған.

评论
其他材料