TikTok факультеті ашылды

2780
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/dbebdca5-d90d-40a2-b230-c284a12dc528.jpeg
Киевтің Мәдениет және өнер университетінде TikTok факультеті ашылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Жаңа факультеттің ашылу салтанатында украиналық тиктокер Михаил Поплавский сөз сөйлеп, оқытуды нөлден бастайтынын атап өтті.
«Менің міндетім – желіні «украиналандыру» және Отанымыздың жаңа тарихын жасайтын жас, креативті жастарды дайындау. Мен бүкіл әлемге украиналық Tiktok-ты танымал еткендеріңізді қалаймын! Оқытуды нөлден бастаймыз, бітірген соң қолыңызға диплом табысталады»,– деді ол.
Жетекші болып мәдени-шығармашылық бөлімінің түлегі Лилия Можаева тағайындалды. Университеттің барлық студенті жаңа факультетте тегін оқи алады.

«Адырна» ұлттық порталы

 
评论