Атырауда тұрақта тұрған көліктен 2 млн теңге ұрлап кеткен (видео)

3702
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/izobrazhenie_2021-10-16_101446.png
12 әқазанда сағат 13: 31 -де қала тұрғыны Атырау полициясына хабарласып, белгісіз біреу оның Kia Sportage көлігінің терезесін сындырып, көліктен 2 миллион теңгені ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттей келе, ВАЗ-2114 маркалы автокөліктің зардап шегушінің көлігінің артынан ұзақ жүргенін байқады. Күдікті көлік Индер ауданы Жарсуат ауылынан 132 шақырым жерде тоқтатылды. Машинаны, жүргізушіні және екі жолаушыны тексеру кезінде оралған күйде 2 миллион теңге тәркіленді.
"40, 44 және 47 жастағы ер адамдар Орал, Ақтөбе және Шымкент тұрғындары екені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 88 -бабының 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл азаматтардың басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталуда", деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
https://youtu.be/Aha6wdcliro
评论
其他材料