Семейде көктайғақтан автокөліктер соқтығысты (видео)

2547
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/photo_88290.png
Семейде көпірдегі көктайғақ салдарынан ірі жол апаты болды. Полицияның мәліметінше, алты көлік соқтығысқан деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Аrnapress.kz" сайтына сілтеме жасап.  Жол-көлік оқиғасы 16 қазанда таңғы сағат 8.30-да жаңа автожол көпірінде болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. "Lada көлігінің 23 жастағы жүргізушісі көктайғақта көлігін басқара алмай үш көлікпен, Mitsubishi, Volkswagen және Hyundai-мен соқтығысты. Ал Hyundai Toyota маркалы тағы екі автокөлікті қақты", - деп хабарлады ШҚО ПД өкілдері. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды. https://youtu.be/RoGhU1RNurM  

"Адырна" ұлттық порталы.

评论
其他材料