Ақтөбеде Төлеген Айбергенов пен Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш қойылды

3791
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/fb_img_1634382238258.jpg
Бүгін Ақтөбеде ақын Төлеген Айбергенов пен композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған ескерткіштердің ашылу салтанаты өтті. Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Шәмші Қалдаяқовтың апасы - Райхан Домбаева, ақын Төлеген Айбергеновтің қызы - Махаббат Айбергенова, ақын-жазушылар, т.б. қатысты. "Қадірлі ел ағалары, бауырлар! Біз бүгінгі күні «Алтын бесік - Ақтөбенің» төрінде орын алған тарихи сәттің куәгері болып отырмыз. Күні кешегіміз бүгін тарихққа айналса, бүгінгіміз ертеңгі тарих болмақ.​ Қазақ даласы дарынды тұлғалалардан кенде емес. Қай-қайсысының да тарих төрінен ойып алар өзіндік орны бар. Бөліп –жаратын ештеме жоқ. Дегенмен сол таланттар шоғырының ішінде​ Төлеген Айбергенов пен Шәмші Қалдаяқовтың орындары ерекше",- деді Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде.       Ескерткіштер қала орталығында – ағайынды Жұбановтар көшесі бойындағы Ғашықтар аллеясында орналасқан. Төлеген Айбергенов ескерткішінің биіктігі - 3,2 метр. Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші композитордың қолына музыкалық аспапты алған күйі отырғышта отырғанын бейнелеген.  

"Адырна" ұлттық порталы.

评论