20 қазаннан бастап Қазақстанда кейбір объектілерге карантиндік шектеулер бәсеңдейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Ведомствоаралық комиссияда рұқсат ету туралы шешім қабылданды:
- медициналық және әлеуметтік мекемелердің емделушілеріне бару - бұл қарттар үйі, мүгедектер немесе балалар үйі, егер келушілер COVID -19 вакцинасының толық курсын алғанын растайтын құжатты немесе шығарылымы үш күннен аспаған ПТР тестінің теріс нәтижесі бар құжатты берсе;
- түнгі клубтардың қызметі тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар үшін, сыйымдылығы 50%-ға дейін, бірақ: «жасыл» аймақта 100 адамнан көп емес; «сары» аймақта 70 адамнан көп емес; «қызыл аймақта» 50 адамнан аспайды.
"Адырна" ұлттық порталы