Путин 30 қазан-7 қараша аралығын Ресейде демалыс күндері деп бекітті

2764
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/zagruzhennoe-8.jpg
Коронавирус жағдайына байланысты Ресей президенті Владимир Путин 30 қазан мен 7 қараша аралығын демалыс күндері деп жариялау туралы шешім қабылдады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "zakon.kz-ке "сілтеме жасап. "Newsler.ru" сайтында 30 қазан мен 7 қараша аралығын демалыс күндері ретінде жариялау туралы ұсынысты Ресей Федерациясы Премьер-министрінің орынбасары Татьяна Голикова COVID-19 ауруы өсіміне байланысты ұсынғаны айтылады. Голикованың бүкіл ел бойынша демалыс күнін енгізу идеясын премьер-министр Михаил Мишустин де қолдаған. — Ресейде бірнеше аймақтар үшін демалыс күндері, тіпті 23 қазаннан басталады. Инфекцияның таралуын бәсеңдету маңызды. Бұл арада жұмыс істеген күндердің барлық кезеңіне жалақы төленетінін нақтылау қажет пе? - деп атап өтті Мемлекет басшысы.  

"Адырна" ұлттық порталы.

评论