Шымкентте республикалық деңгейде VI спартакиада басталды

1500
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/107f1d17-5053-49e3-9588-0bbbed54a579.jpeg
Бүгін қаламызда республикалық деңгейде, тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында VI Спартакиадасы басталды. Жарыс паралимпиадалық емес 5 спорт түрінен – дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, каратэ және арбада билеу сынды бағдарлама бойынша өтеді. Сайысқа еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Жарыс 21-25 қыркүйек аралығына жоспарланған. Тартысты бәсекелер «Көрме» орталығы мен Шымкент қалалық кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінде өтпек.  
评论