Беларусьтағы әскери-оқу жаттығулар кезінде Ресейдің екі десанты қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Апат қатты желдің салдарынан болған. Сарбаздар ауруханаға бірден жеткізілсе де, олардың өмірін құтқару мүмкін болмаған.
«Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, екі ресейлік әскери қызметші де алған жарақаттарынан қайтыс болды», - деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі. https://youtu.be/H1AeqDAtEKc
«Адырна» ұлттық порталы