Спорт жаңалықтары: тренажер, воркаут алаңшалары орнатылу жоспарлануда

1344
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/img-20210907-wa0110.jpg
Биыл Еңбекші ауданында 15 ашық спорт, тренажер, воркаут алаңшаларын орнату жоспарланған. Бүгінде Қарабастау тұрғын алабында демеуші есебінен 1 ашық спорт алаңшасы салынып, тұрғындар игілігіне тапсырылды. Жоба құны 13,5 млн. теңгені құрайды. Мұнымен қоса, 14 спорт алаңшасын орнату бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде. Аудан әкімі 2011-2014 жыл аралығында салынған ашық алаңшалардың 21-інің тозығы жеткенін айтады. Сондықтан, бұл алаңшаларды қайта құру келесі жылдың жоспарында бар. Айта кетейік, аталмыш ауданда 2021 жылға дейін 85 ашық спорт алаңшалары пайдалануға берілген.

Жанерке Хумар

评论
其他材料