Ақ жаулықты аналар арасында «Ақ кимешек-2021» байқауы өтті

3172
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/fc397ea7-d03a-4557-8d82-0838112e2b95.jpeg
Бүгін Шымкент қаласы Қаратау аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аналар қауымының арасында «Ақ кимешек-2021» байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының негіздерінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу және рухани тәрбие жұмыстарын атқаруда ардагерлердің қоғамдағы орны мен рөлін көтеру, жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеуге бағытталған. Байқау барысында ауданның ақ жаулықты аналары ережеге сәйкес түрлі кезеңдер бойынша өз бақтарын сынады. Іс-шара соңында қатысушылар жүлделі орындар мен арнайы номинациялармен марапатталды. Іс-шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер және жергілікті тұрғындар қатысты.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

评论