ҚР Кубогы бәсекесінде Шымкент қаласының спортшылары жеңімпаз атанды

2096
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/dbfe0ade-55d8-4076-9e58-2a2a2d1084ef.jpeg
Шымкент қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан ҚР Кубогының жекелей және топтық көпсайыс бойынша жеңімпаздары анықталды. Спорт шебері және спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында өткен бәсекеде Шымкент қаласының командасы 1 алтын, 2 күміс жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында жекелей көпсайыста Шымкент қаласының өкілі Милана Парфилова1-ші орынды иеленді. Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Топтық көпсайыста Шымкент қаласы спортшылары екінші орынға иелік етті. Сондай-ақ, спорт шеберлері арасында топтық көпсайыс бойынша Шымкент қаласының құрамасы 2-ші орынды жеңіп алды. Ариадна Скворцова, Ұлжан Шалмұханбетова, Зере Әбдісадық, Еңлік Ержанқызы, Айсана Ұлықпанова және Виктория Борисова құрамы бұл жолы екінші орыннан көрінді. Нұр-Сұлтан қаласы бірінші, Алматы қаласының спортшылары үшінші орынға ие болды.
评论