Тұңғыш Президент күні әскери институттың 210 курсанты наразылық білдірді

3913
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/almaty-kursanty-samovolka.png
Алматы Құрлық әскери институтының курсанттары оқу орнынан өз еркімен кетті, деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы Орда.кз сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  1 желтоқсан күні институттан 210 оқушы наразылық білдіріп, өз еріктерімен шығып кеткен.
«Институт басшысы генерал-майор Дулат Адырбековтың айтуынша, курсанттар кадрлық тағайындаулар кезінде келіспеушілік орын алған. Факультет басшысын ауыстыруға қарсы болып, бұрынғы басшылықты қайтаруды талап етті», - деп мәлімдеді қорғаныс министрлігі.
Бүгін, 2 желтоқсан күні сағат 09:00-ден бастап өз еркімен кетіп қалған 210 курсант аудиторияларында жүр. Бұл істі Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов бастаған комиссия тергеп жатыр. Оқиға туралы курсанттардың ата-аналарына хабарланды.

"Адырна" ұлттық порталы 

 
评论
其他材料